Спорт • 25 Қыркүйек, 2023

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Салтанатты ашылу жарқын жеңістерге бастаса игі

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

– Қытайдың Ханчжоуында басталған XIX Aзия ойындары ғажап көріністермен көз алдымызда қалды. Тіпті сә­тін­де бұл салтанатты сонау 2008 жылы осы елдің астанасы Бей­жің­де болған Олимпиадалық ойын­дар­дың ашылу салтанатымен са­лыстырсақ та болады.

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Салтанатты ашылу жарқын жеңістерге бастаса игі

Дәлірек айтсақ, соның жал­ғасы деуге тұратындай. Бүгінде ілгері кеткен дүниедегі жарық­ты пайдалану әдістерінің шыңы­на жеткен қытайлықтар стадион-сахнада екі сағаттай теңдес­сіз спектакль жасады. Мұндай кешенді жарыс шартына сай шеруге шыққан спортшылар арасында Қазақстан тобы саны жағынан шамамен 2-5 орындарда болған шығар. Бұл әзірге спортшылар қарасына байла­нысты нәтижеміз. Енді алда соны сапаға айналдырып, спорттық нәтиже жағынан сол орындарда болу міндеті тұр.

Мұндай жа­рыстың мыңын көрген тәжі­ри­белі журналист ретінде еліміз жарысқа жіберген 524 спортшыны тым көп деп ойлаймын. Әрине, олардың бәрі жарысқа жолдама жеңіп алғаны белгілі. Әйтсе де, жолдама жеңіп алу басқа да, ел атынан оларды кешенді жарыс­қа аттандыру бөлек. Өркениетті елдерде жолдама алған спортшыларды түгелімен сыпыра Олимпиадаға аттандыра салуға болмайды. Елде ғылыми-зерттеу сарапшылар тобы құрылып, спортшылардың бұл жарыстағы мүмкіндігі сарапқа салынып, құрығанда 1-20 орындарға ілі­неді-ау деген спортшыларды ғана топқа қосқан абзал. Әрине, жас, талантты жолдама жеңіп алған спортшыларды да ойындарға тә­жірибе жинақтау мақсатында апару керек. Оны да сарапшылар тобы шешкені жөн.

Сол 524 спортшының бәрі Ханчжоуға қоржын арқалап ат­танды. Ертең соның түгелге жуы­ғы бос қайтса, көбісі 20-40 орын­дар алып жатса, елдігімізге сын емес пе? Ол күндері «Біз Азия ойындарына 524 спортшы аттандырдық», деген мақ­тан далада қалады. Оның үс­ті­не, әр адам мұндай сапарда мил­лиондаған теңге қаржы жұм­сайтыны белгілі. Мем­ле­кет қаржысын босқа шашпау мәселесін де ұмытпаған абзал. Біз айтқан ойға дәлел көп. Өзімізбен көрші, халқының саны бізден едәуір көп Өзбекстан елі бұл ойын­дарға 350 ғана спортшы жіберіпті. Есесіне олар Азия ойын­дарын кең насихаттауға 35 журналист аттандырған. Бұл жағынан да біз ұтылып тұр­мыз. Ханчжоуға келген отан­дық қалам, микрофон шеберлері жиырмаға жетпейді. Бұл бәсеке емес, бірақ болашақ талант­ты жастарды спортқа тарту үшін балалар спорт мектептері қан­дай қажет болса, спортты наси­хаттау тура сондай болса керек. Бұл ойлар ертең бәрі аяқталғанда біл­гішсініп, неге бұлай, неге олай демеу үшін ерте айтылып жа­тыр. Ниетіміз де ақ. Ел намысы мен ұлт болашағы ойландырған соң келген ұсыныстар ғой. Еститін құлақ табылатынына деген үміт­пен айтып жатырмыз.

чсм

Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындары тамаша ашылды. Енді осындай тамаша нәтиже­лер ел спортшылары қатыс­қан жа­рыстарда да жаңбырша жа­уып жатса ғой. Сол кезде біз­дің дауыс та жарқын-жарқын шы­ғады.