Пікір • 27 Қыркүйек, 2023

Еңбек нарығының келешегі

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еңбек нарығында әлеуметтік-экономикалық ахуалға, сұранысқа, заман талабына қарай өзгерістер болатыны сөзсіз. Егер жаңашылдықтың пайдасы көл-көсір болса, біз соған мейлінше бейімделіп, қолдау көрсетуіміз қажет.

Еңбек нарығының келешегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еңбек на­рығындағы өзгерістерге қарай цифрлы экономика­­ның рөлі арта түсетінін айт­ты. Шынында да, платформа­лық жұмыспен қамту жүйесіне қызығатындар көп. Прези­дент осы секторда қазірдің өзінде жар­ты миллионнан аса адам жұмыс істейтінін атап өтті. Бірақ мұнда да мәсе­ле бар. Осы секторда ең­бек ететін азаматтардың ең­бек құқықтары толық қор­ғал­маған. Енді осы санат­тағы азаматтардың еңбек құ­қық­тарын қорғаудың нақ­ты тәсілдері пайда болып, плат­формалық жұмыспен қамту мәселесі біршама ретте­ле­ді деп үміттенеміз. Еңбек на­рығында жұмысшы маман­дар­дың көкейінде жүрген тағы бір мәселе – еңбек дауы. Еңбек дауы өн­ді­рісте оқыстан жарақат ал­ған жұмысшы мен өндіріс бас­шылығы арасында да жиі туындайды. Бұл ретте Президент еңбек тұ­жы­рымдамасының нақты қашан қабылданатынын хабарлады.

«Үкімет 2030 жылға де­йінгі қауіпсіз еңбек тұжы­рым­дамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағыт­талуы керек.

Менің тапсырмаммен Үкімет зиянды еңбек жағда­йын­да ұзақ уақыт жұмыс іс­теп жүрген адамдарды әлеу­мет­тік қолдау тетіктерін әзір­леді. Бұл бұрыннан талқы­ланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсы­ныстарын жедел қарауды сұраймын. Азаматтар осы мәселе шешімін табады деп күтіп отыр», деді Мемлекет басшысы.

Еңбек нарығына қатысты Президент айтқан мәселелер рет­­телсе, бұл – жұмысшы мәр­­те­бесінің биіктеуіне оң әсер етеді. Сөйтіп, отаншыл, білім­паз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл, жанашыр ұрпақ қалыптастыруға да бел­гі­лі бір деңгейде әсер ете­ді. Тағы бір жағымды жаңа­лық­ты тілге тиек етсек, келер жы­­лы қаңтардан бастап ең тө­менгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл – аза­мат­тардың табысы артады деген сөз. Еңбекақының ең төменгі мөлшері үш жыл ішінде екі есе көбейгенін ескерсек, сәтті қадам 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет сала­сын­да еңбек ететін 350 мың азамат­тың әл-ауқатын арт­тыруға септігін тигізеді екен.

Президент еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкіметтің қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітуі керегін айтты. Сол жоспарға еңбек нарығын реттеуге қатысты бірқатар жаңашылдық енеді деп үміттенеміз.

 

Бақыт Әлмұратов,

әлеуметтанушы