Фото: ашық дереккөз
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 986 адам (34%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 867 адам (12,7%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам (8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 907 адам (6%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 771 адам (26,2%), Өзбекстан – 2 002 адам (13,3%), Түркия – 1 370 адам (9,2%). Үндістан – 1 363 адам (9,4%),
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.