Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023

Қызыл кітапқа енген құсты шетелге шығармақ болған топ ұсталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қыркүйекте Атырау қаласының әуежайында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызыл кітапқа енген құсты шетелге шығармақ болған топ ұсталды

фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, олар құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған. Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.