Спорт • 27 Қыркүйек, 2023

Алматыда қазақ күресінен ТМД–ның алғашқы чемпионаты өтеді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Достастық армиялары Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитеттері басшыларының Душанбе қаласында өткен отырысы барысында аталған шешім қабылданғаны Қорғаныс министрлігінің сайтында мәлім етілді, хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қазақ күресінен ТМД–ның алғашқы чемпионаты өтеді

Фото: gov.kz

«Ұйым құрылған 24 жыл ішінде алғаш рет Алматыда 2024 жылғы тамыз айында қазақтың ұлттық күресінен ТМД-ның алғашқы чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізіліп отыр. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ күресін Қазақстан қоғамында насихаттау және ілгерілету туралы тапсырмасын орындау негіз болды», деді аталған отырысқа қатысқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов.

Келіссөздер барысында келесі отырыстың күн тәртібіне Достастықтың қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әскери-қолданбалы спорт түрлерінің, сондай-ақ мәдени спорт түрлерінің тізбесін өзгерту және оған қазақтың ұлттық күресін қосу туралы мәселе енгізілді.

Бұдан бөлек, алдағы қараша айында Астанада ҚР Қорғаныс министрінің кубогі үшін армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионатын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін де айта кету керек.