Үкімет • 28 Қыркүйек, 2023

Комиссия отырысы өтті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысы өтті

Жиында Парламент Се­наты­ның депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеу туралы қаулы қабылданды.

– «Қазақстан Республи­касы­ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабының 1-тармағына сәй­кес және Қазақстан Республи­­ка­­сы Президентінің «Д.Қ.Қыдыр­­әліні тағайындау туралы» 2023 жылғы 26 қыркүйектегі №360 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті. Ол бойынша Пар­ламент Сенатының депутаты болып Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тіркеліп, депутатқа тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылды, – деді жиында ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.

Мұнан кейін ОСК төрағасы жаңадан тағайындалған сенаторға белгіленген үлгідегі куәлік пен омырау белгісін табыстап, депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын атап өтті.