Елорда • 28 Қыркүйек, 2023

Елордада 15 оқушылар сарайы ашылады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Алдағы екі жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 15 оқушылар сарайы ашылады

Фото: Астана әкімдігі

Елордада балалардың 79,9%-ы қосымша біліммен қамтылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті.

Астанада мектеп оқушыларын толықтай 2029 жылға дейін қосымша білім берумен қамтамасыз ету үшін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр, оның бесеуі алдағы екі жылда салынбақ.

Сонымен қатар білім беру мекемелерінде оқушылар мен олардың ата-аналарына жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіледі. Биылғы оқу жылында «Отбасылық бақыттың жылуы» атты жаңа жоба енгізіліп жатыр, оның аясында әр айдың соңғы сенбісінде түрлі мамандардың (мектеп әкімшілігі, ПМПК, қамқоршылық кеңес, заңгерлер, психологтар, пән мұғалімдері, логопедтер, денсаулық сақтау мамандары және т.б.) консультативтік көмегін ұйымдастыру мақсатында ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізіледі.

Сондай-ақ қазан айында әдістемелік орталық базасында ата-аналар мен білім алушыларға тегін психологиялық консультациялық көмек көрсету бойынша кабинеттер ашылады.

нр