Спорт • 29 Қыркүйек, 2023

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчжоудағы (ҚХР) 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстан спортшылары келесідей нәтиже көрсетті:

- Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.