Ауа райы • 29 Қыркүйек, 2023

«Жел күшейіп, жаңбыр жауады». Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жел күшейіп, жаңбыр жауады». Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

«1 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын болады, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында ғана ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фон сақталады. Еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, күндіз 10-23 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы, күндіз 18-25 градус жылы болады. Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.