Форум • 01 Қазан, 2023

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары елордада бас қосады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Астанада Съездің ХХІ хатшылығына дайындық жүріп жатыр. 11 қазанда Қазақстанның бас шаһарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері Ұлыбритания, АҚШ, Ватикан, Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан сынды 24 елден қатысады.

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары елордада бас қосады

Олардың қатарында әл-Азһар академиясының бас хатшысы Назир Аяд, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх Пашазаде, Иерусалим патриархы Феофил III, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының бас хатшысы Монтиан Тананарт, сондай-ақ басқа да діни жетекшілер, саяси қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және әлемдік жетекші БАҚ өкілдері қатысады.

Съезд Хатшылығының ХХІ отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев төрағалық етеді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – VII Съезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көтерілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023 – 2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау және қабылдау.

Фото

Атап өтейік, форумның жұмыс органы болып табылатын Съезд Хатшылығы жыл сайын Съезд шешімдерін жүзеге асыру үшін жиналады. Хатшылық 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезіне қатысушылардың шешімімен құрылған.

Биыл бірегей халықаралық алаң – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне 20 жыл толып отыр.