Аймақтар • 02 Қазан, 2023

Оралда балалар өнер мектебінде газ баллон жарылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда балалар өнер мектебінің шатырында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Оралда балалар өнер мектебінде газ баллон жарылды

фото: Мой город

«Өртті сөндіруге 9 адам мен екі техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына тосқауыл қойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.

Анықталғандай, шатырда құрылысшылар жөндеу жұмысына пайдаланған газ баллоны жарылған. 

Оқиға Дерқұл ауылында болған. Өрт сағат 18.15-те сөндірілді.