Аймақтар • 02 Қазан, 2023

«Киіз Fest» айшықтары

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала күні мерекесі аясында Таразда «Киіз Fest» ұйымдастырылды. Ұмыт қалып бара жатқан дәстүрді жаңғырту, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мұраны бүгінгі жастар арасында насихаттау мақсатында қолға алынған іс-шараға 12 топ қатысты.

«Киіз Fest» айшықтары

Іс-шараға белсенді қатысқан топтар әуелі өздері басқан киізді және ұршықпен иірген жіпті қазылар алқа­сының назарына ұсынып, атауын, киіз басу тәсілі арқылы қол­өнер бұйымдарын әзірлеудің артық­шы­лықтарын әңгімеге арқау етті.

Фестивальде бақ сынаған ұжым­дардың жұмысын саралаған қазылар алқасы «Ұршық иіру» аталымы бо­йынша «Асыл мұра» тобының еңбе­­гін жоғары бағалап, бірінші орынға ла­­йық деп тапса, «Шебер шаңырақ» ұжы­­мы жүлделі екінші орынды, «Шолпы» тобы үшінші орынды иеленді. Ал «киіз басу» аталымы бойынша «Асыл қазына» тобы жеңімпаз атанса, «Өш­пес мұра» ұжымы екінші, «Ше­бер ша­ңырақ» тобы жүлделі үшін­ші орынға ие болып, қомақты қар­жылай сыйлық­пен марапатталды.

ва

– Биыл республика көлемінде алғашқы рет «КиізFest» ұйым­дастырылып отыр. Қазақ халқы киізді құндылық ретінде ба­ға­лағанын тарихтан білеміз. Халық ханын да, құрмет тұтқан қадірлі тұлғасын да ақ киізге отырғызған.

Бүгінгі байқауға қатысу­шыла­ры­мыздың барлығы да жаһандану  дәуі­рінде ұмытылып бара жатқан киіз басуды заманауи үлгіде жаңғыртып, алда­ғы уақытта ұлттық құндылығымызды насихаттауға өз үлестерін қосатынына сенімім мол. Өйткені бұл біздің бабалардан жеткен ұлттық байлығымыз, – деді іс-шараның марапаттау рәсіміне қатысқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов.

 

Тараз