Кездесу барысында алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларды талқылады. Өңірлік интеграциялық бірлестіктерді қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері сөз болды. Тараптар Қазақстан мен Ресей көшбасшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Д.Абаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен кездесті. Көпжақты алаңдар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралар кеңесі (АӨСШК) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар қазіргі уақытта еліміз төрағалық ететін ШЫҰ күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ұстанымдардың сәйкес келетіндігін растады.