Спорт • 04 Қазан, 2023

Азиада–2023: Бүгін Қазақстан балуаны алтын медаль үшін белдеседі

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек - рим күресінен Қазақстан спортшысы финалға шықты, енді ол алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиада–2023: Бүгін Қазақстан балуаны алтын медаль үшін белдеседі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Грек-рим күресінен Таиланд балуаны Нуттапонг Хинмиді 10:0 есебімен ойсырата ұтқан 67 келі салмақ дәрежесіндегі Мейіржан Шармаханбет жартылай финалда ирандық балуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.

Алтын медаль үшін Қазақстан спортшысы Мейіржан Шармаханбет жапондық Катсуаки Эндомен бозкілемде бүгін белдеседі.

Қорытынды жекпе-жек сағат 15.00-де басталады.