Спорт • 04 Қазан, 2023

Азия ойындары: Боксшы Карина Ибрагимова финалға жетті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксшы Карина Ибрагимова Ханчжоудағы (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шығып, келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді,  деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия ойындары: Боксшы Карина Ибрагимова финалға жетті

Фото: kazsports.kz

57 келі салмақта сынға түскен Карина  жартылай финалда Миджона Самадованы ұтты. Енді жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін жекпе-жекте Тайбэй боксшысына қарсы айқас өткізеді. Азия чемпионы, әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері 27 жастағы Каринаның еншісінде жазғы Азия ойындарының алтын медалі жоқ. Олқылықтың орнын бүтіндеу өз қолында.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024