Үкімет • 05 Қазан, 2023

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен кездесу өткізді.

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп

Сенатор Ләззат Рысбекова кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне назар аударып, олардың қазіргі қарқыны төмен екендігін атап өткенін еске салды.

«Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті дамытуда біз­дің елімізде бірқатар мәселе мен кедер­гі бар. Олардың іші­нен ШОБ банктерінің кредит беруін төмен­дету, қымбат қар­жыландыру және кепілмен қам­тамасыз етуге қо­йы­латын талап­тардың артуы, айна­лымдағы қар­жының тап­шылы­ғы, өткізу нары­ғының шек­телуі, салық жүкте­месінің жоға­рылығы, салық­тық және кеден­дік әкім­шілендіру мәселелері сияқ­т­ы жү­йелі мәселелерді бөліп көр­се­туге болады», деді Ләззат Рысбекова.

Ұлттық экономика министр­лігінің кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбылов өз кезегінде парламентшілерге ШОБ дамыту жөнінде қабыл­данып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуы­н­ша, мекеме алдағы құрылымдық экономикалық реформалар­дың негізгі ауқымын анықтады, мұнда басты міндеттердің бірі – отандық кәсіпкерлерді дамыту және қолдау. Ол үшін биз­нес­тің орта сегментіне, кешен­ді салық реформасына, мемле­кет­тің экономикадағы үлесін қыс­қартуға назар аудара отырып, дамыту бойынша жұмыс жүр­гізілетін болады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сон­дай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері баяндама жасады.