Аймақтар • 05 Қазан, 2023

Әкім кубогі «OIY»-ға бұйырды

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта жайдарманшылар Таразда жиі бас қоса бастады. Көңілді тапқырлар клубының ойындарына қызығатын жастар аз емес. Содан да болса керек, жергілікті билік бір жылдары ұмыт бола бастаған жайдарманшылардың жарысын жандандыруға ден қойып отыр.

Әкім кубогі «OIY»-ға бұйырды

Бұл жолы тәжірибелі коман­далар Тараз қаласы әкімінің ку­богі үшін бақ сынады. Оңтүс­тік­тегі «Номад» лигасының фи­нал­дық сайысы қай кезде де тар­тысқа толы жағдайда өтеді. Қы­зылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан кел­ген мықты өнер ұжымдары мен тараздық командалар астары терең әзілдерімен Баласағұн атындағы орталық концерт залына жиналған жұртшылықтың езуіне күлкі үйірді.

Әдемі әзілдермен әдіптелген ойын қорытындысында тараздық «OIY» командасының еңбегін қазылар алқасы жоғары бағалап, бірінші орынға лайық деп тапты. Үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласынан келген «Ma­demuazel» ұжымына жүлделі екін­ші орын бұйырса, та­ғы бір тараз­дық топ «Қарасаз» коман­дасы үздік үштікті қорытын­ды­лады.

Ұйымдастырушылар бәсекеге толы жағдайда өткен финалдық кезеңде ерекше әзілімен дара­лан­ған жеке ойыншыға да жүлде тағайындапты. Нәтижесінде, қы­зыл­ордалық «Сұрап алмадық» коман­дасының мүшесі Әділжан Дәулетов финалдық кезеңнің «Үз­дік ойыншысы» атанды.

Жоғары деңгейде ұйымдас­тырылған финалдық кезең қоры­тын­дысында жеңімпаздар мен жүл­де­герлерді Тараз қаласы әкімі­нің орынбасары Дәуір Дәулетов құттықтап, қала әкімінің кубогі үшін өткен сайысқа арнайы келген көрші өңірлердің командаларына алғыс білдірді. Жүлде алған ұжымдарға қомақты қаржылай сыйлық табыстады.

«Қала күні мерекесі аясында Таразда бірнеше іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жай­дарманшылар арасындағы жарыс көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз. Қатысушы командалардың әдемі әзілдері жұрттың көңілін көтерді. Көпшіліктің көңілінен шығатын түрлі іс-шара алдағы уақытта да ұйымдастырылады», дей­ді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Д.Дәулетов.

 

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025