Мәселен, Премьер-министрдің міндеттеріне Үкіметтің қызметіне басшылық ету, экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері, мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін шешу кіреді.
Сонымен қатар Премьер-министрдің қарауына шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту, қорғаныс және құқықтық тәртіп, мемлекеттік активтерді басқару, салаларды цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері кіреді.
Бұдан бөлек, Премьер-министр Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық жасайды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға экономиканы және өңірлік саясатты жедел басқару, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, мұнай-газ секторы мен мұнай химиясын салу және жаңғырту мәселелері бекітілді.
Ол сондай-ақ энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды, жаңартылатын энергия көздерін, көмір өнеркәсібін, атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері, инновациялар, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, экспорттық бақылау, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмыстары мәселелеріне жетекшілік етеді.
Сонымен қатар Роман Скляр жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, ғарыш қызметі, әскери қауіпсіздік, туризм инфрақұрылымын дамыту және спорт мәселелерін үйлестіретін болады.
Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев қаржы секторы, макроэкономикалық саясат, бюджет, салық және кеден саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, тариф саясаты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, концессия мәселелерін қоса алғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерін үйлестіретін болады.
Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаевтың міндетіне бизнестің проблемалық мәселелерін, оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін қарау және шешу, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін реформалау және т. б. мәселелер кіреді.
Премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеудің міндетіне Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдарын іске асыру, сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру және халықаралық имиджін ілгерілету, халықаралық шарттардың жасалуын, орындалуын, өзгертілуін, тоқтатыла тұруын және тоқтатылуын үйлестіру мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын демаркациялау, делимитациялау мәселелері кіреді.
Сонымен қатар оған сыртқы инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру, еліміздің шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын кеңейту, көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру міндеттері бөлінді.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың міндетіне білім беруді және ғылымды дамыту, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері кіреді.
Бұдан бөлек, ол мәдениетті және спортты дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, демография және көші-қон саясаты, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне жетекшілік етеді.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің міндетіне сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері кіреді.