Үкімет • 06 Қазан, 2023

Жоспарда жоба көп

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб­тың кезекті отырысында инвестиция тарту шаралары және инвестициялық жаңа жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері қаралды.

Жоспарда жоба көп

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов биыл республиканың АӨК саласында 5,3 мыңға жуық жұмыс орнын құру арқылы 444 млрд теңгеден аса сомаға 322 жобаны іске асыру жос­парланғанын баяндады. Бүгінгі таңда құны 130 млрд теңге 115 жоба пайдалануға берілді, 1,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ министрлік қалыптастырған 2023-2026 жылдарға арналған пул шама­мен 36 мың жұмыс орнын құ­ра отырып, 2,7 трлн теңгені құрай­тын 877 инвестициялық жобаны іске асыруды көздей­тіні атап өтілді. Бұл ретте жобаларды пайдалануға берудің нақты мерзімдері белгіленген өңір­лік жол карталары бекітілді.

Сонымен қатар отырыста шетелдік инвесторлардың қа­ты­суымен ірі жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Kazakh Invest» базасында (АХҚО-мен бірлесіп) Task Force шеңберінде әзірленіп жат­қан стратегиялық инвести­ция­лық жобалардың жалпы пулы құны 13 млрд доллардан асатын 70 жобадан тұратынын атап өтті. 14 жоба инвестиция­лар туралы келісімдерді әзір­леу сатысында тұр.

Жиын қорытындысына сәйкес Роман Скляр мүдделі мемлекеттік органдарға бір­қа­тар тапсырма беріп, жос­пар­ланған барлық инвес­тиция­лық жобаны уақты­лы жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.