Ауа райы • 07 Қазан, 2023

1 градус үсік жүреді: сенбіге арналған ауа райы болжамы

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады,  жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 градус үсік жүреді: сенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады. Батыста бұршақ жаууы ықтимал.  

Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.