Спорт • 08 Қазан, 2023

Соңғы алтын да сусып кетті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоу қаласында  (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарына елімізден барған спортшылардың арасынан соңғы болып жарыс жолына шыққан Мөлдір Жаңбырбай каратеден  күміс медальді місе тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы алтын да сусып кетті

drs_kz

50 келі салмақ дәрежесінде   сынға түскен  жерлесіміз жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін тартыста тайпейлік  Шуанг Гуға есе жіберді. Есеп 5:5 болып тұрып, тайпейлік спортшы соңғы секундта шабуылда соққысын дарытып  Азия ойындарының алтын медалін  иеленді.

Жастар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Токио жазғы Олимпиадасына қатысушы Мөлдірдің бұл  Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі. «Алтын медаль еншілеп, еліміздің көк байрағын желбіретсем деп едім. Үнемі осылай соңғы секундта жеңіс  уысымнан сусып кетеді. Ендігі  ірі додаларда барымды саламын», деді  Мөлдір Жаңбырбай.