Қарағандының дәл іргесіндегі Абай ауданында бір орамның бағасы – 15 мың теңге. Ал 20-25 кг түк шөп – 1200-1500 теңге.
Шет ауданында 200-250 кг орамның құны 12-14 мың теңгенің аралығында. Шөпті тонналап 30-35 мың тг көлемінде саудалайды.
Нұрадағы шаруашылықтар шөп тоннасын 25-35 мың тг аралығында өткізіп жатыр. 300 кг-лық орам 14 мыңнан, ал екпе шөп 16 мыңнан.
Ақтоғай ауданында орамның бағасы даладан тиеп алса – 13 мың тг, үйге дейін жеткізіп берсе – 15 мың тг. Ал түк шөп 1000-1200 теңгеден.
Тонналап саудаланған құнары мол көк шөптің бағасы 30 мыңнан жоғары.
Облыстағы шаруашылықтардың бағасы осындай. Шөптің құнарына, оны жеткізу жолдың шақырымына байланысты бағаның да өзгеретін айтады шаруалар.