Әскер • 10 Қазан, 2023

Әскери өмірмен танысты

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылындағы М.В.Ломо­но­­сов атындағы мектеп пен Ақши ауылында орналасқан Бөлек батыр мектебінің «Жас бүркіт» әскери-патриот­тық клубының оқушылары 6654 әскери бөліміне келіп, құқықтық тәртіп әскерінің өмірімен танысты.

Әскери өмірмен танысты

«Жас бүркіт» әскери-пат­риот­тық­ клубының мақсаты – өскелең ұрпақ­тың­ бойына отансүйгіштік сезімін қалып­тастыру және олар­дың туған же­р­ге, елге деген сүйіс­пен­шілігін ояту. Әскери клуб­тың қыз­метіне, сон­дай-ақ жастарды пат­риот­­тық рух­та тәрбиелеу ісіне 6654 әскери бөлі­мі командирінің ТжӘҚЖ жөнін­дегі орынбасары, полковник Жандос Көл­баевтың да қосқан үлесі зор. Іс-шара аясында Жандос Жамал­ұлы­ның ұйым­дастыруымен мек­теп оқу­шы­ла­­рына арнап спорт­­тық іс-шаралар өтіп, әскери тех­ни­калық, қару-жарақ көр­­месі таныс­ты­рылды.

– Тәрбие – отбасынан бас­талады.­ «Ұяда не көрсең, ұш­қа­н­­да соны ілер­сің» деген ма­­қал осы сөзіміздің дәле­лі. «Жас бүркіт» әскери-пат­риот­тық клубының оқушыларын әс­кери бөлімде көргенімізге өте қуа­ныш­ты­мыз.­ Себебі жас ұрпақ­тың бойына пат­риот­тық сезімді қалыптастырып, олар­­ды еңбекке, Отанды сүюге бау­лу­ – біз­дің міндетіміз. Еліне адал қызмет ете­тін жастарды тәрбиелеу – бас­ты­ мүддеміз. Клубтың да көздеген мақ­саты сол, – деген полковник Ж.Көлбаев 6654 әскери бөлімі әскери-пат­риоттық клуб басшылығымен ты­ғыз қарым-қатынас жасайтынын және әрі қарай да жемісті еңбек ете беруге мүд­делі екенін жеткізді.

– Оқушылардың әскери өмірге деген қызығушылықтары жанарларынан байқалып тұр, олар үшін барлығы қызық. «Қару-жарақты қалай пайдалану керек?», «Әскери техниканың қызметі қандай?» деген сұрақтар қойып, пікірталас өрбітті. «Әскери киім киген кезде бойы­мызда мақтаныш сезімі пайда болады» деп сезімдерімен бөлісіп жатқан бала­­­ларды көрген сәтте олармен атқа­ры­ла­тын жұмыстың сәтті болатынына сенімім мол. Сондықтан мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет, – деді ол.

 

Құралай ЖҰМАҚЫЗЫ

 

 Алматы облысы