Аймақтар • 11 Қазан, 2023

Франциядан келген делегация: облыстың денсаулық саласына қызығушылық танытты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қай саланы болсын халықаралық талаптар деңгейіне көтеру керек. Мұнсыз болмайды. Сондықтан шет елдердің тәжірибесін де, қаржысын да пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздестірген абзал. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Франциядан келген делегация: облыстың денсаулық саласына қызығушылық танытты

Ұлытау облысы басшы­лы­­ғы денсаулық саласына инвес­тиция тарту мақсатында Франция даму агенттігімен (AFD) тығыз байланыс орната бастады.

Жақында облысқа құра­мын­да аталған агент­т­­­іктің 6 маманы бар, халық­ара­лық­ деңгейдегі сарап­шы­ Александра Тиркюир бас­қар­ған арнайы делегация келді. Делегацияны облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы қабылдап, облыстың денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы, басым бағыт­тар, көзделген жобалар, инфрақұрылым мен материал­дық-техникалық жарақ­тан­ды­ру мәселелері бойынша кеңі­нен әңгіме қозғады.

Әлемнің 150-ден аса елінде 4 200-ден астам жобаны жүзеге асырумен айналысып жатқан агенттік облыс басшылығы­ның ұсыныстарына қызығу­шы­­­­лық танытты. Делегация өңір­дің кейбір медицина ме­ке­­ме­леріне, атап айтқанда, об­лыс­­тық көпсалалы ауруха­на­ға және «Жезқазған» меди­ци­на­лық орталығына арнайы ба­рып, ондағы емдеу үрдісін көз­­де­рімен көрді, пікір алмас­ты.

Француз тарапы облыстың ден­саулық саласына қатысты мәсе­лелерді одан әрі талдау, талқылау қажеттігіне тоқ­тал­ды. Демек, екіжақты байланыс одан әрі жалғасын табады.

 

Ұлытау облысы