Мұны осы үлкен халықаралық жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінен де анық аңғардым. Ал осы жиналысқа келер алдында «Astana Hub» технологиялар паркінде маған ерекше шабыт берген адамдарға жолықтым. Олар маған өте жақсы әсер қалдырды. Тамаша мүмкіндік пен берік сенімді көргенде жақсылыққа деген үмітім ұлғайды. Біз Қазақстанның дамуына үлес қосқан инноваторлармен таныстық, олардың жұмысын бақыладық. Қазақстан туралы ойларым өзгеріп, өзіме өте қызықты тәжірибе жинағандай болдым. Бұл елдің әлеуеті зор екеніне көзім жетті. Адамдары білімді әрі ерекше ынталы екен. Шынында да, бұл мемлекет Орталық Азиядағы технологиялық хабқа айналуы мүмкін.
Алты жыл бұрын Қазақстанда цифрлық шешімдер енгізілетінін естідім. Қазір бұл елде Kaspi қолданбасы бар, оны барлығы пайдаланады. Естуімше, мұнда көп адам қолма-қол ақшаны да қолданбайды. Бұл – цифрлық жетістік. Шыны керек, Қазақстан дәл осы тұрғыдан алғанда АҚШ-тан әлдеқайда озық тұр. Мысалы, АҚШ-та «Starbucks»-қа келіп, кофенің ақшасын төлеуге қаншама адамның тиын санап тұрғанын көресіз. Ал Қазақстандағы мұндай жетістіктер ерекше құбылыс әрі ол қоғамға үлкен әсер етеді.
Мен жасанды интеллект өмірімізді жақсартатынына 100 пайыз сенімдімін. Сондықтан барлығы жасанды интеллектіге инвестиция салуы керек. Мысалы, мен биткоинді жақсы көремін. Өйткені ол орталықтандырылмаған. Биткоиннің болашағы зор. Оны дамыған мемлекеттер құшақ жая қабылдады.
Кейінгі уақытта Қазақстаннан ерекше стартаптар шығып жатыр. Бұл – қуантарлық жағдай. Стартаптар экономиканы дамытуға, жұмыс орындарын құруға әрі өмірді жақсартуға көмектеседі. Бұл елдің дәл осындай көзқараста болғаны көпке үлгі.
Тим ДРЕЙПЕР,
венчурлық инвестор, «Draper Fisher Jurvetson» компаниясының тең құрылтайшысы,
Дрейпер университетінің негізін қалаушы