Шахмат • 16 Қазан, 2023

Тұғырда – қазақ қыздары

1 мин
оқу үшін

Италияның Пула қаласында мәресіне жеткен шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Ксения Балабаева алтын тұғырға көтерілді.

Тұғырда – қазақ қыздары

Әлемнің 26 мемлекетінен 135 шахматшы бақ сынаған жаһандық бәсекенің блиц сайысын­да Ксения Балабаеваның бағы жанып, әлем чем­пио­ны атанды. Ол бас жүлде үшін өткен бәсекеде тағы бір отандасымыз Əмина Қайырбекова­мен ойнап, тең түсті. Қосымша көрсеткіш бойынша алтын медаль К.Балабаеваға, күміс жүлде Ә.Қайырбековаға бұйырды. Осылайша, жылдам шахмат бағдарламасының жеңіс тұғырына екі бірдей қазақ қызы көтерілді. Ал ерлер арасында Арыстан Исанжулов 3-орыннан көрінді.

Сонымен қатар рапид бойынша да отандас­тарымыз үздіктер қатарынан табылды. Жерлес­теріміздің тек алтын жүлдеге қол жеткізе алма­ғаны болмаса, кейінгі төрт орынды ешкімге берген жоқ. Финалда Әзербайжан өкілі Говхар Бейдуллаеваға есе жіберген Ксения Балабаева бұл жолы әлемнің вице-чемпионы атанса, Зейнеп Сұлтанбек қола жүлдеге қол жеткізді. Ал төртінші және бесінші орындарды Назерке Нұрғали мен Лия Құрманғалиева иеленді. 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13