Қоғам • 16 Қазан, 2023

Жас буынның еларалық байланысы

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өзбекстанның тарихтан сыр шертетін Самарқанд қаласында 2023 жылғы 12 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Кездесуді Самарқанд облысы әкімдігінің қолдауымен Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрлігі, Жастар ісі жөніндегі агенттігі және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Жас буынның еларалық байланысы

Жиынды Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт ми­нистрі Адхам Икрамов аш­ты. Баяндамашы Азиядағы бей­бітшілікті, қауіпсіздік пен тұ­рақтылықты ілгерілетуге ар­налған үкіметаралық фо­рум ретінде АӨСШК маңы­зын, сондай-ақ АӨСШК Жас­тар кеңесінің жастарды дамы­туға ортақ көзқарасты қа­лып­тастырудағы рөлін атап өтті. Сала басшы­сы Өзбекстанның жас­тар сая­са­тындағы кейінгі өзгеріс­тер туралы әңгімелеп берді. Жас­тар парламенті сынды бас­тамалар мен әр ауданда Жас­тар агенттігінің өкілдерін тағайындау бастамаларына тоқталды. Сондай-ақ зорлық-зомбылық, экстремизмнің алдын алу мақсатында жастар­дың радикалдануына жол бермеу қажет екенін жеткізді.

Өзінің құттықтау сөзінде АӨСШК бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай ұйымның аймақтық үдерістерді дамытуына Өзбекстанның қосқан белсенді рөлі мен үлесін ерекше атап өтті. Қ.Сарыбай өткен жылы Астанада өткен АӨСШК алтыншы саммитінде Өзбекстан Президенті Шав­кат Мирзиёев жастар мүд­десіне қатысты жүйелі ын­ты­мақтастық шақырғанын қа­тысушылар есіне салды. Әртүрлі жастағы адамдар ара­сындағы өзара түсіністікті дамыту және жастардың ең өзекті мәселелерінің шешімін бірлесіп іздеу үшін Президент Мирзиёев жаңа форматты – Жастар кеңесінің осы отырысында басталған «Ұрпақтар диалогін» ұсынды. Аталған бастама сапалы білім бе­ру, климаттың өзгеруі және креа­тивті экономика мәселе­леріне арналған.

АӨСШК бас хатшысы 2023 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен АӨСШК министрлер кеңесі отырысының қорытындыларына тоқталды. Атап айтқанда, АӨСШК Транс­формациясының жол кар­та­сын бекіту және Тұ­рақ­­ты даму мақсатын ілгері­лету үшін волонтерлік қыз­мет­ке жәрдемдесу туралы мә­лім­де­мені қабылдау жөнін­дегі шешімдерді әңгімелеп бер­ді. Сонымен қатар бас хат­шы АӨСШК-нің жаңа баста­маларымен таныстырды. Соның ішінде 2024 жылы Астанада Жастар кеңе­сі­нің қамқорлығымен ұйым­ға мүше мемлекеттерде волонтерлік қозғалыстар көшбас­шылары­ның кезде­суін өткізу, сондай-ақ АӨСШК елдерінің жетек­ші уни­верси­теттерінде серік­тестік желісін құру бар.

«Өскелең ұрпақ – Азиядағы тұрақты даму мен өркендеудің негізгі қозғаушы күші жаста­рымыздың құқықтары мен мүм­кіндіктерін жақсартуға, гүлденген, әділ және инклю­зивті Азияны бірлесе құруға арналған бағытты белгілеген жөн», деді Қайрат Сарыбай.

Жастар кеңесі отырысы барысында қатысушылар өз еліндегі ұлттық жастар саясаты туралы баяндама жасады. Сонымен қатар жастардың радикалдануының түпкі се­беп­терін және оның тамыр жаюына жол бермеу үшін БАҚ және басқа да құралдар ар­қылы қалай бірлесіп жұмыс істей алатынын талқылады.

АӨСШК Жастар кеңесі­нің алтыншы отырысына Әзербайжан, Бангладеш, Из­раиль, Үндістан, Иордания, Ирак, Қазақстан, Камбоджа, Қы­тай, Қырғызстан, Палес­тина, Ресей, Тәжікстан, Таи­ланд, Түркия, Өзбекстан және Шри-Ланкадан 100-ден астам өкіл қатысты. Аталған кеңес – ұйымға мүше мемлекеттерге тиесілі жастар ұйымдарының, бірлестіктері мен қозғалыс­тарының қызметін үйлестіре­тін консультативтік-кеңесші орган. Жастар кеңесі Азияда­ғы өзара іс-қимылды, бейбіт­шілік пен достықты нығай­ту үшін ұйымдағы жан-жақ­ты ынтымақтастыққа жәрдем­деседі.