Президент • 17 Қазан, 2023

Қазақстан-Қытай келіссөзі: Бес құжатқа қол қойылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен  келіссөз жүргізу барысында  екі елдің делегация мүшелері бірнеше  маңызды  құжатқа қол қойды, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Қазақстан-Қытай келіссөзі: Бес құжатқа қол қойылды

Фото: aqorda_resmi

Атап айтқанда:  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім; 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн – Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім; 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.