Басылым • 17 Қазан, 2023

Алты тілге аударылды

273 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықовтың Германияның «LAP LAMBERT» академиялық баспасынан таяуда жарық көрген ағылшын тіліндегі ғылыми еңбегі әлемнің алты тіліне аударылды.

Алты тілге аударылды

Баспадан неміс, португал, итальян, француз, испан, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген бұл жинақ арқылы әлем ғалымдары қазақ халқы­мен, Қазақстан баспасөзінің кешегісі және бүгінімен танысады.

«Kazakhs: issues of identification and identity and press of Kazakhstan (Historical, philological and methodological aspects)» – (Қазақтар: ұлттық иден­тификация және ұлттық біре­гейлік мәселелері және Қазақ­стан баспасөзі (тари­хи-филологиялық және әдіс­­те­ме­лік аспектілер) атты бұл ғылыми жинақта қарас­­ты­рыл­ған мәселелер ауқым­ды. Нақ­тылай айт­қанда, онда пат­­ша­л­ық Ресей мен кеңестік би­лік кезең­деріндегі ұлттық иден­­­тификация және ұлттық біре­­­гейлік проблемаларының Қазақ­стан басылымдарында көрі­ніс табуы туралы сөз бола­ды.

Ғалымның еңбегінде Қазақ­­стан тарихында жер мәсе­­лесі айрықша орын алатынына баса мән берілген. XVII-XIX ғасырларда пат­ша­лық Ресей қазақ жерінде отар­лау саясатын жүргізді. Қазақ­тың шұрайлы жеріне негі­зінен орыс отаршылдары иелік етті. Қазақ жерін басып алудың заңдық негіз­де­рі жасалды, реформалар­ жүргізілді. Ресей империя­сы­на бодан болған үш жүз жылға жуық кезеңде қазақ хал­қы­ тәуелділіктің зардабын­ көр­ді.­ Тарихи деректер 1893-1912 жылдары 27 миллион деся­тинадан астам жердің орыс­тардың бодауына байлан­ға­нын айғақтайды.

Бұл еңбекте кеңестік би­л­ік­тің сталинизм кезе­ңін­де қазақ халқының басы­на­ төнген қайғы-қасірет тұр­ғы­сын­да да сөз болады. 1932 жыл­ғы аштық қазақ даласын қыр­ғынға ұшыратты. Кезінде кеңес­тік тарихи оқулықтар мен әдебиет, өнерде шындық айтылмады. Коммунистік партияның ықпалындағы қазақ журналистикасы да дәрменсіздік танытты.

Сонымен қатар еңбек­те­ тәуелсіз еліміздің қа­лып­­тасуы мен дамуы, әлем­дік­ бәсекеде егеменді мем­лекет ретіндегі алар орны, ұлтымыздың өзін­дік­ ерекшеліктері мен өзге­ше­лік­тері зерделенген.

С.Садықовтың әңгімеге арқау болып отырған ғы­лы­ми жина­­ғында жоға­ры­да баян­­дал­­ған өзекті мәсе­ле­лер­дің ұлт­тық бағыты мен ма­ңы­зын қазіргі әлемдік тә­жі­ри­бе контексінде пайым­дау­дан өткі­зуге ұмтылыс жасал­ған.­ Осы тұрғыдан келгенде бұл­ жұмыста қазақ журна­лис­­ти­касы мен публицис­ти­­ка­сы­ның ұлттық дамуы мен қалып­та­­суындағы рөлі мен орнын ай­қындап, ұлт­тық идентифи­ка­циялану мен ұлттық біре­гей­лік про­бле­маларының рес­­пуб­ли­ка­лық басылымдар­да­ жазы­лу­ қағидаттары мен әдіс-тәсіл­де­рін, формаларын­ ашып көр­сету негізге алын­ған.

Автор қазақ ұлтын иден­­ти­фикациялау­ мәсе­ле­­сін алға қойған алғашқы ұлт публицистерін қарас­ты­­рып, олар­дың ұлттық жур­налистиканың пайда болуындағы орнын айқын­дау, әміршілдік-әкімшілдік жүйе­нің қазақ ұлттық журна­лис­тикасының дамуы мен қалыптасу үдерісіне ықпал етуі­нің кері әсерін талдау, «Ұлттық бірегейлік» және «интернационализм» түсі­нік­терінің ара-жігін ашып, олардың Қазақстан баспа­сө­зінде әр кезеңдегі көрініс табу проблемаларын зерттеу, хрущевтік «жылымық», бреж­невтік «тоқырау» және гор­бачевтік «қайта құру» кезең­дерінде Қазақстан баспа­сөзінде ұлттық даму мәсе­­ле­лерінің жазылуын­ ке­зең­ ке­зеңімен ашып көр­сету, Тәуел­­сіздік жылдарында Қазақ­­стан журналистикасында ұлттық идеяның көтерілуі, ұлттық мемлекеттік құры­­лыс­ мәселелерін жазу­­дың ерекшелігін ой еле­гі­нен өткізу міндеттерін нақ­ты­лай­ды.

Қазақстан баспасөзінің пайда болуынан қазірге дейінгі аралықта ұлттық идентификация және ұлттық бірегейлік прблемаларын көтеру мәселелерін тұңғыш рет жүйелі әрі кешенді зерттеуге талпыныс жасалған. Бұл ғылыми жинақтың жаңалығын айқындайды.