Экономика • 18 Қазан, 2023

Зауыт тәжірибесімен кеңінен танысты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов бастаған отандық делегация Германияның Харцвинкель қаласындағы CLAAS зауыты тәжірибесімен танысып қайтты.

Зауыт тәжірибесімен кеңінен танысты

Отандық делегация өндірістік үдерістермен және компанияның жұмыс барысында қолданатын жаңа технологияларымен кеңінен таныс­ты. Бұл сапар  сапа мен өндіріс тиім­ді­лігін арттыратын үдерістердің бас­тауы болғандай.

Зауытқа сапар барысында «Агро­маш­холдинг KZ» АҚ, «Восток­маш­завод» АҚ, «Камлит KZ» ЖШС, «Қазақстан агро­ин­новациялық кор­пора­ция­сы» ЖШС,  «Рейман» ЖШС сияқ­ты отандық машинжасау сала­сын­дағы кәсіпорындар құ­рамдас бөлшектердің әлеуетті жет­кізу­ші­ле­рімен келіссөздер де жүр­гізді.

CLAAS комбайндарына ұсыны­ла­тын негізгі нұсқалардың кең ауқымы және қосымша функция­ла­ры мен жабдықтарын орнату жұмыстарының күрделілігін мей­лінше ескере отырып, бұл үде­ріс­­тердің өндіруші үшін оңайға соқ­пайтындығын аңғаруға болады. Онымен қоса өндірісті жос­парлау, бөлшектерді жеткізу логис­тикасы, негізгі құрастыру және орнату күр­делілігі де қажырлы еңбекті қажет етеді.

Шынын айту керек, CLAAS комбайндары – әлемдегі ең күрделі ауылшаруашылық машиналарының бірі. Зауыт шығаратын астық жи­на­ғыш комбайндар 15 мыңға де­йін­гі жеке құрамдас бөлшек­тен құрастырылады. Бұл зауытта ком­байнның тазалау жүйелері, негіз­гі және қайталама дәнді айыру жабдықтары, сондай-ақ астық бун­кер­­лері мен әртүрлі басқа да ком­поненттер құрастырылады және боя­лады.

Бұл жолғы іс-шара екі ел ара­сын­­­дағы серіктестікті барын­ша ны­­ғай­туға көмектеседі. Аграр­лық са­ланы дамытып, ауыл­ша­руа­шылық техникасын өнді­руде Қазақстан мен CLAAS ара­сын­дағы ынтымақ­тас­тық­тың ма­ңыз­­дылығын арттыра түспек.