Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Жаяу жарыстың жүйріктері

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз ету мақсатында Жез­қазған қаласының әкімдігі «ZHEZ­KAZGAN ALTYN KUZ» атты жарты­лай марафон ұйымдастырды. Бұл жарысқа еліміздің әр аймағынан ғана емес, Ресей, Украина, Моңғолия мем­ле­кеттерінен де марафоншылар қатысты.

Жаяу жарыстың жүйріктері

– Спорт денсаулықты шыңдауға ғана емес, туризмді дамытуға да, халықтар достығын нығайтуға да сүбелі үлес қоса алатынын көрсетті. Жарысқа қатысушылар өлкемізге зор қызығушылық танытты, мүмкіндігі келгенше тарихи орындарды аралап та көрді. Жезқазғанда осындай жарыстың өтуіне ұйытқы болған «Экстремальная Атлетика» командасына алғысымыз зор, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев.

10,5 шақырым қашықтықта ерлер арасында Руслан Оглов, әйелдер арасында Әсем Әбілқасова жеңімпаз атанып, 150 мың теңгенің сыйлығын иеленсе, 21,5 шақырымда ерлерден Александр Адишкин, әйелдерден Екатерина Васильченко мәреге бәрінен бұрын жетті. Олардың әрқайсына 300 мың теңгеден бәйге берілді.

 

Жезқазған