Теннис • 19 Қазан, 2023

Бублик – ширек финалда

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Бель­гия­ның Антверпен қаласында өтіп жат­қан «ATP 250» санатындағы турнир­дің ширек финалына жолдама алды.

Бублик –  ширек финалда

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тір­­келген отандасымыз турнирді екінші ай­налым­нан бастап, тұсаукесер кездесуін дүние­жүзілік рейтингте 72-орында тұрған фран­циялық Грегуар Баррермен өткізді. Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен бес мәрте ойнап, соның үшеуінде Бублик же­ңіске жетсе, екі бәсекеде Баррердің бағы жан­ған. Қос ойыншының бесінші бәсекесінде отан­дасымыздың мерейі үстем болды.

Бір сағатқа жалғасқан матчтың бірінші партиясында отандасымыз бесінші геймде бір брейк жасап, бұл сетті 6:4 есебімен өз пай­дасына жазды. Ал екінші кезең басталған бетте Бублик қатарынан екі брейкпен көзге түсіп, матч соңында қарсыласын бет қаратпай жеңді – 6:2. Бұл кездесуде Бублик 11 эйс жасап, үш брейк-пойнттың барлығын пайдаланды. Енді А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 226-сатыда орналасқан тағы бір франциялық теннисші Джованни Перрикармен шеберлік байқасады. Сонымен қатар А.Бублик жұптық сынның да ширек финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13