Қоғам • 19 Қазан, 2023

Мақсатты жәрдемақы

172 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 384 млрд теңге жұмсалды. Бұған қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы санаттағы азаматтарға шамамен 47,4 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлемдер берілді.

Мақсатты жәрдемақы

2023 жылдың 1 қаза­нын­да­ғы жағдайға сәйкес мү­ге­дек­ті­гі бойынша – 538,4 мың адам, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бо­йынша шамамен 159,5 мың адам мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақы (МӘЖ) алады. Мүгедектігі бойынша­ МӘЖ көлемі мүгедектіктің тобы­на және себебіне, сондай-ақ «Республикалық бюджет тура­­лы» Заңда белгіленген ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің ша­ма­­сына байланысты болады. Асы­рау­шы­сынан айы­рылу жағ­дайы бойынша МӘЖ көлемі қай­тыс болған асы­раушының асы­ра­уындағы адам­дардың санына, қай­тыс болу себептеріне және ең тө­менгі күн­кө­ріс деңгейіне қарай бел­гі­ленеді.

Осы санаттағы жәрдем­ақы­лар көлемі биыл 1 қаң­тар­дан бастап ең төменгі күнкөріс дең­гейінің ұлғаюына байланыс­ты­ 8,5%-ға өсті, сондай-ақ 1 шіл­деден бастап орташа есеппен 14,5%-ға қосымша арттырылды. Мәсе­лен, шілде­ден бас­тап жалпы­ ауру­дан мүгедектігі бойынша­ МӘЖ көлемі 1-топ үшін – 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 тең­ге­ні, 3-топ үшін 48 681 теңгені құ­рай­ды.

Бұған қоса міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйе­сі­не қатысушыларға әлеумет­тік тәуе­келдер туындаған жағ­дайда МӘСҚ-тан әлеу­меттік төлемдер жүзеге асырылады. Биылғы 9 айдағы жағдай бо­йынша 96,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бо­йынша әлеуметтік төлем, ал 61,7 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бо­йынша әлеуметтік төлем алды. Бұл төлемдердің көлемі жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақ­тан­ды­ру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

1 қазандағы дерек­ке сүйен­сек, әлеуметтік төлем­дердің орташа көлемі еңбекке қабі­лет­тілігінен айырылу бойынша – 45 943 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша 50 376 теңгені құрады.

Сонымен қатар жыл басынан бері көпбалалы­ отба­сы­ларға берілетін мем­ле­кеттік жәрдемақымен орта есеппен 539,6 мың отбасы жалпы сомасы 304 млрд теңге көлемінде қамтылды. Оның ішінде қыркүйек айында 497,5 мың отбасына 31 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Бұған қоса биыл 1 қазандағы жағдай бойынша 107,8 мың отбасындағы 565,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65,7 млрд теңге бөлінді.