Теннис • 22 Қазан, 2023

Бублик – финалда

1 мин
оқу үшін

Теннистен ерлер арасындағы еліміздің бірінші теннисші Александр Бублик Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан теннистен «ATP 250» сана­тындағы турнирдің финалына шықты.

Бублик – финалда

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркел­ген отандасымыз турнирдің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Марте­рермен шеберлік байқасты. Екі теннисші бұған дейін кортта екі мәрте кездесіп, біреуін­де Бубликтің, екіншісінде Мартерердің мерейі үстем болған. Ал үшінші кездесуде жерлесіміздің бағы жанды. Бір жарым сағатқа жалғасқан матчта А.Бублик екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалдық бәсекесіне жолдама алды.

Жерлесіміз ә дегеннен бірінші партияның бірінші геймін брейкпен бастап, 2:0 есебімен алға шығып алды. Бублик сол қарқынын сет соңына дейін бәсеңдетпей, есептегі басымдығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейк жасап, бұл партияны да 6:4 есебімен түйін­деді. Отандасымыз турнирдің бас жүлде­сін жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы гре­киялық Стефанос Циципасты тізе бүктірген франциялық Артюр Фистпен сарапқа салады. Екі теннисші бұған дейін бір-бірімен кездес­пеген.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13