Үкімет • 23 Қазан, 2023

Комиссия отырысы

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Комиссия отырысы

Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвес­тициялық жобаларды іске асыру, IT-сала мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары қаралды.