Қазақстанда барлығы 3 миллион 437 мың қызметкер бар. Ең жоғары орташа айлық Атырау облысында (530 мың теңгеден астам) тіркелген. Екінші орында Маңғыстау облысы (469 мың теңге), үшінші орында Ұлытау облысы (445 мың теңгеге жуық) тұр. Ең төменгі жалақы мөлшері Солтүстік Қазақстан облысында (227 мың теңге) тіркелген.
Ресми деректерге көз жүгіртсек, биыл қызметкерлердің орташа жалақысы білім деңгейі бойынша келесідей бөлінді: орта білім – 230 мың 841 теңге, жоғары білім – 398 мың 214 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – 505 170 теңге.
Қазақстан экономикасында орта есеппен білім деңгейі бойынша ерлердің орташа айлық жалақысы әйелдерге қарағанда 39%-ға жоғары.