Пікір • 24 Қазан, 2023

«Халық әртісі» атағын алатынымды Президент ұшақта келе жатқанда айтты

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық әртісі атағы қайта оралатынын және бұл марапатты алғаш иеленетіндердің қатарында өзімнің болатынымды маған Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі ұшақта бірге келе жатқанымызда айтқан болатын. Әрине, естігенде өте қатты қуандым.

«Халық әртісі»  атағын алатынымды Президент ұшақта келе жатқанда айтты

Бұл құрметті өзімнің азды-көп жасап жатқан еңбегімнің бағаланғаны және халық тарапынан көрсетілген қолдау ретінде қабылдаймын. Дегенмен біз секілді өнер адамдары үшін ең басты байлық – ол халықтың ықыласы мен махаббаты. Елдің құрмет-қошеметін ешбір марапатпен алмастыра алмайды. Бүгінгі алған атағыма лайықпын ба, жоқ па, оны да халық айтады. Мүмкіндігінше осы биіктен көрінуге, халық әртісі деген атқа сай болуға тырысып, өнерімді бағалайтын жұртшылықты жақсы әндерімізбен қуанта береміз.

Әу бастан менің әрбір аяқ алысым­ды қолдап-қуаттап келе жатқан халқыма және бүгін Ақорданың төрінде өз қолы­нан марапатты тапсырған Пре­зидентке басымды иіп рахмет айтамын. Ең бас­тысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Қазақстанның Халық әртісі, әнші