Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Шымкентте полиция мен туыстары 19 жастағы жігітті іздеп жатыр

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкентте полиция мен туыстары 19 жастағы жігітті іздеп жатыр

фото: Polisia.kz

15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Жас жігітті іздестіруге қалалық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

«Бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы мен көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спорт киім, қара кроссовки және қара түсті күртеше болған. Жоғалған жігіт туралы қандай да бір деректен хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.