Шахмат • 26 Қазан, 2023

Кіл мықты Керекуге жиналды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда шахматтан «Pavlodar Open» халық­аралық турнирі басталды. Бұл жарысқа жуықта Дохада өткен дүниежүзілік бәсекеде әлемнің үздік шах­матшыларының бірі Магнус Карлсенді жеңген павлодарлық Әлішер Сүлейменов те қатысып жатыр.

Кіл мықты Керекуге жиналды

«Pavlodar Open» – 2023» турнирі Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Ни­дерланд, Аустралия, Үндістан, Израиль, Әзербайжан, Тәжікстан және Бангла­дештен келген 230 шахматшының басын қосты. Оның ішінде 64 халықаралық деңгейдегі спортшылар мен гроссмейс­терлер бар. Атап айтқанда, «Qatar Masters Open» халықаралық турнирінде сенсациялық жеңіске жеткен Әлішер Сүлейменов, екі дүркін олимпиада чем­пионы және Еуропа чемпионы Алек­сандр Моисеенко, Нидерланд пен Еуропаның үш дүркін чемпионы Сергей Тивяков және Үндістан бірін­шілі­гінің қола жүлдегері Сетураман сынды мықтылардың аталған турнирге қатысуы – үлкен мәртебе.

Халықаралық гроссмейстер Петр Костенко айтып өткендей, ойлылар турнирі ФИДЕ рейтингі бойынша екі секцияға бөлінді. А секциясында кемі 2000 және одан жоғары ұпай жи­нағандар бақ сынаса, ал одан төмен орна­ласқандар Б тобында өнер көрсетеді. Жарыс фавориті ретінде рейтингтегі қоржынында 2608 ұпайы бар ресейлік Антон Демченко танылып отыр. Турнир 31 қазанға дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры – 23 млн теңгені құраса, А тобында жеңіске жеткен спортшыға 4 млн теңге ақшалай жүлде беріледі.

Айтып өтейік, бүгінде Павлодар өңі­рінде 30 мыңнан астам адам шахматпен айналысса, ойынды үйрету өңір­дің бар­лық мектептерінде ұйымдас­тырыл­ған.

 

ПАВЛОДАР