Мәдениет • 26 Қазан, 2023

Сазды әлемімен сүйсінтті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда көрнекті композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджановтың «Менің жыр әлемім» атты шығармашылық кеші өтті.

Сазды әлемімен сүйсінтті

Рухани келісім күніне арналған әсем сазға толы кеште елордалық филармонияның симфониялық оркестрінің, камералық хордың және солистердің орындауындағы композитордың үздік шығарма­лары орындалды. Соның ішінде 1979 жылы жазылған «Махамбет» симфониялық поэмасын ерекше айтуға болады. Бұл туындыны кезінде Ресей Федерациясының Мем­­лекеттік симфониялық ор­кес­трі орындаған. Драмалық шы­ғарма жалынды жыршы Ма­хамбет Өтемісұлына арналған.

Концерт барысында кеш иесінің «Қалың елім, қазағым, қай­ран жұртым», «Туған жер», «Дала», «Тағзым» және тағы басқа да шы­ғар­малары шарықтады.

Сондай-ақ Төлеген Мұхамед­жановтың көңілдің қылын шер­тетін музыкасы бірқатар көр­кем фильмдер арқылы да жақсы таныс. Кеште тыңдармандарды ком­позитордың Талғат Теме­новтің «Ма­­хаббат бекеті», «Адам­дар ара­­сын­дағы бөлтірік», «Біздің қа­ла­ның кіш­кентай ханзадасы», Дос­­хан Жолжақсыновтың «Бір­­жан сал», «Құнанбай» фильм­де­ріне жазған сазды әуен­дері сүй­сінтті.

Шығармашылық кеште Қа­зақстанның және Татарстанның ха­лық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­­тың лауреаты Нұржамал Үсен­­бае­ва, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ал­тын­бек Әбілда, скрипкашы, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­рат­кері Бағдат Әбілханов, күйші Ай­бек Бекбосын өнер көрсетті.