Қоғам • 27 Қазан, 2023

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының жаңашылдығы

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары өзінің жинақ­тау­шы функциясынан біршама ажы­рап, бюджет тапшылығын бүтін­дейтін жобаға айналған Ұлт­тық қорға тәуелсіз аудит жа­­сал­мақ. Оның қорытындысы бо­­йын­ша Ұлттық қор­дың ин­вес­ти­циялық кірісінің мәні мен оның елу пайызының мөлшері анық­талады.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының жаңашылдығы

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, қордың етек-жеңін жинау аясында «Ұлттық қор – балаларға» жобасына да дұ­рыс­тап көңіл бөлінеді. Бұл орайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­ры­мен (БЖЗҚ) интеграция жүзеге асырылмақ.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды. Деректер толықтай нақтыланғаннан соң Ұлттық банк кәмелет жасына жеткен балаларға тө­лем жасау үшін қажетті соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­рына аударады», дейді вице-министр.

Оның сөзінше, БЖЗҚ қаражатты балалардың мақсатқа сай пайдалануы үшін екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотына жібереді.

Парламент қабылдаған заңға сәй­кес Ұлттық қордың инвестициялық табы­сының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. 2023 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – шамамен 7 млн адам. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады.

18 жасқа толғанға дейін балалар «қа­тысушылар» болып есептеледі, кә­ме­летке толғаннан кейін «алу­шы­лар» санатына көшеді.