Аймақтар • 28 Қазан, 2023

Костенко атындағы шахтадағы өрттен 32 кенші қаза тапты

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан кеншілер саны артты. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Костенко атындағы шахтадағы өрттен 32 кенші қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

«Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 32 адамның мәйіті табылды, 14 кенші әлі де іздестіріліп жатыр», делінген хабарламада.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған мәйіттерді шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Осы уақыт ішінде газдан қорғау құрылғылары тексеріледі.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.