Елорда • 30 Қазан, 2023

Елордадағы жаңа көпір көлік кептелісін азайтады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Тәуелсіздік көшесі бойында жаңа көпір бой көтерді. Енді учаскелердегі кептеліс айтарлықтай азая түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы жаңа көпір көлік кептелісін азайтады

Фото: gov.kz

Мысалы, Мәңгілік Ел даңғылында көлік кептелісі 20%, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірінде 15% жеңілдеген. Сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы Дала даңғылы бойынша трафик жанданып тұр.

Бұдан бөлек, жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандарының арасын жалғайды. Сондай-ақ жолдардағы қозғалысты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Р.Қошқарбаев даңғылымен, Ж.Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, А.Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Б.Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Астана әкімдігі

Естеріңізге салайық, көпір сегіз жолақты, екі бағытта төрт жолақтан бар. Көпір бүйірлерінде жаяу жүргіншілер аумақтары мен веложолдар жасалған. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50