Теннис • 30 Қазан, 2023

Алғашқы матчында жеңіліс тапты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада жалауы желбіреген WTA қорытынды турнирінде әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды.

Алғашқы матчында жеңіліс тапты

Канкун қаласында өтіп жатқан додада Е.Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, амери­калық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді. 1 сағат 24 минутқа созыл­ған матч­та жерлесіміз 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Қар­сыласы 2 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бұл топта ойнайтын әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

WTA қорытынды жарысына алғаш рет қатысып жатқан Е.Рыбакина келесі ойынын М.Саккаримен өткізеді. Содан кейін А.Соболенкомен кездеседі. Жартылай фи­налға шығу үшін жерлесімізге қалған екі кез­десуде қарсыластарынан басым түсу қа­жет.