Футбол • 31 Қазан, 2023

Элиталық сатыға көтерілді

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысында сынға тү­сіп, элиталық кезеңге жолдама алды.

Элиталық сатыға көтерілді

«Қайрат» элиталық кезеңге жолдама алу үшін Испанияның «Пальма», Мажарстанның «Ха­ладаш» және Люксембургтің «Диф­фер­данж» командаларымен бірге үшінші топта сынға түсті.

«Қайрат» алдымен «Дифферданж» клубынан 4:2 есебімен басым түссе, «Халадаш» командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Ал үшінші ойында «Пальмадан» 4:5 есебімен жеңілді. Аталаған топтан «Пальма», «Қайрат», «Халадаш» элиталы сатыға жолдама алды. Элиталық ойындар 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.