09 Маусым, 2010

МАҚСАТ – ДОКТРИНАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орал қаласында Ұлттық бірлік доктринасын жүзеге асыру мәсе­ле­лерін талқылауға арналған “дөң­гелек үстел” мәжілісі өткізілді. Оған Жайық өңіріндегі этномәдени бір­лестіктердің жетекшілері, мем­лекеттік ұйым­дардың бас­шы­лары және бұ­қаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар Ұлттық бірлік доктринасын толығымен мақұлдап, оны іске асыру жө­нінде өз ойларын ортаға салды. Жиынның негізгі мәні мен мақсаты және оның басты түйіні туралы Батыс Қазақстан об­лыс­тық Қазақстан халқы Ассам­блея­сы төрағасының орын­ба­сары Қуанышбай Төлебаев газет тілшісіне былайша мәлімдеді: – Өткен жылы ел  жұрт­шы­лығының талқылауына ұсы­ныл­ған доктрина жобасы олардың тара­пынан оң қолдауға ие болды. Кейін жоба қоғамдық пікір білдірген сын-ескерт­пе­лер­мен және ұсыныс-пікірлермен то­лықтырылды. Одан әрі өң­делді. Содан соң осы соңғы нұс­қаны биылғы жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз шеші­мі­мен бекітті. Әрі Үкіметке док­три­наны іске асыру жолдары жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Осыған орай биыл Үкіметтің арнайы қаулысы бойынша доктринаны іске асырудың іс-шаралары бекітілді. Респуб­ли­ка­дағы облыстық ассамблеялар оны ойдағыдай орындауға өз үлестерін қосуға тиіс. “Дөңгелек үстелдің” басты мақсаты, міне, осы арнаға бағытталды. Бүгінгі кезеңде барша қазақ­стан­дықтарды біріктіру мен одан әрі топтастыру, оларды бір мақсатқа жұмылдыру ісінде қазақ халқына жүктеліп отырған жауапкершілік жоғары. Ұлттық бірлік доктринасының негізгі тіні осы ұстанымнан туындайды. Кім-кімге де құшағы айқара ашық қазақ халқы бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шыға алатынына ешқандай күмән жоқ. “Дөңгелек үстелге” қатысушылар да осы шындықты толығымен қуаттады. Темір ҚҰСАЙЫН,ОРАЛ.