Фото: ашық дереккөз
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді.
Ал республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -3+5°C, күндіз +10+17°C-тан +15+20°C-қа дейін көтеріледі.
Түнде және таңертең еліміздің барлық аумағында тұман түседі.