Спорт • 02 Қараша, 2023

Боксшы қыздарға бұйырғаны – 11 медаль

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бокстан өтіп жатқан  Азия чемпионатында жасөсіпірімдер санатындағы қыздар 11 медаль  олжалады, деп хабарлайды  Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Боксшы қыздарға бұйырғаны – 11 медаль

Фото: boxingkazakhstan

Жеткіншек  қыздарымыз  құрлық додасынан 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленді.  Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан  (60 келі),  Алина Құдайгенова (63 келі) Азия чемпионы атанса, Айым Таңқыбаева (46 келі),  Сила Биболсынқызы (48 келі),  Ақбота Есімбекова (70 келі),  Аружан Зейноллаева (75 келі)  финалдық жекпе-жекте жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.  Жартылай финалда сүрінген Айша Сариева (52 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі),  Құралай Егінбайқызы (80 келі) және Панар Сейтанқызы (80 келіден жоғары)  Азия чемпионатында қола медаль иеленді.

Жасөспірімдер  санатында (қыздар арасында)   Үндістан құрамасы 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен көш бастап, Өзбекстан қыздары 4 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен командалық есепте 2-сатыға тұрақтады.