Фото: boxingkazakhstan
Жеткіншек қыздарымыз құрлық додасынан 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленді. Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Құдайгенова (63 келі) Азия чемпионы атанса, Айым Таңқыбаева (46 келі), Сила Биболсынқызы (48 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі), Аружан Зейноллаева (75 келі) финалдық жекпе-жекте жеңіліп, күміс медальді місе тұтты. Жартылай финалда сүрінген Айша Сариева (52 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) және Панар Сейтанқызы (80 келіден жоғары) Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
Жасөспірімдер санатында (қыздар арасында) Үндістан құрамасы 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен көш бастап, Өзбекстан қыздары 4 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен командалық есепте 2-сатыға тұрақтады.