Ұлттық құрама спортшысы К.Малиновский Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 50 метрден пневматикалық винтовкамен үш қашықтықтан оқ ату бәсекесінің финалында 5-орыннан көрінді. Оның еншісінде 590 ұпай бар.
Бұл – ел мергендері қол жеткізген үшінші лицензия. Осыған дейін Азия чемпионатында Арина Алтухова, ал жазда әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев қоржынға салған еді. Нысана көздеуде лицензия жекелеген спортшыларға емес, ұлттық федерацияға беріледі.
Жалпы, биылғы сары құрлық чемпионатында Олимпиаданың 24 лицензиясы сарапқа салынып жатыр.